Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуропа чемпионатында ойнаған ең егде жастағы футболшы мансабын аяқтады

Жарияланған күні:

Пепе
Пепе. Фото: Alex Livesey/Getty Images

Әйгілі португалиялық футболшы Пепе 41 жасында мансабын аяқтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Пепе Instagram желісіндегі ресми парақшасында видео жариялап, "Рақмет!" деп жазды. Осылайша мансабын аяқтайтынын мәлімдеді. Кейін Португалия футбол құрамасының капитаны Криштиану Роналду оған жазба арнады.

"Мен үшін қаншалықты қымбат екеніңді айтуға сөз жетпейді, досым. Біз алаңда жеңіп алуға болатын барлық нәрсені жеңіп алдық. Бірақ ең үлкен жетістік бұл біздің достығымыз және менің саған деген құрметім. Сен бірегей ойыншысың, бауырым. Осы үшін рахмет", - деп жазды Роналду Instagram желісіндегі ресми парақшасында.

Айта кетейік, Пепе соңғы рет 2024 жылғы Еуропа чемпионатының ширек финалында Франция құрамасына қарсы ойында (пенальтиден 3:5) алаңға шықты. Ол Еуропа чемпионаты тарихындағы ең егде жастағы ойыншы атанды. Футболшы 2007 жылдан бері ұлттық құрама сапында 141 матч өткізген.

Пепе "Порту" футбол клубы сапында Португалияның төрт дүркін чемпионы атанды, бес рет Кубок пен үш рет ел Суперкубогын ұтып алды. Ал "Реал Мадрид" клубымен бірге футболшы Испания чемпионатын үш рет, Чемпиондар лигасын үш мәрте жеңіп алды және екі рет Испания кубогы мен Суперкубогының иегері болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2146717-europa-chempionatynda-oinagan-eng-egde-zhastagy-futbolshy-mansabyn-aiaqtady/