Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Испания футбол құрамасы Париж Олимпиадасының чемпионы атанды

Жарияланған күні:

Испания футбол құрамасы
Испания футбол құрамасы. Фото: Oscar J Barroso/Europa Press via Getty Images

Испания футбол құрамасы Франция астанасы Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Олимпиада ойындарындағы футбол турнирінің финалында Испания командасы Францияға қарсы ойнап, 3:5 есебімен жеңіске жетті.

Матчтың алғашқы голын Франция футболшысы Энцо Милло (11-минутта) соқты. Артынша испаниялық ойыншы Фермин Лопес 18 және 25-минутта мергендік танытып, дубль жасады. Кейін оның командаласы Алекс Баена (28') басымдықты арттырды.

Ал екінші таймда Франция құрамасы сапынан Магнес Аклиуш (79') гол салды. 90+3 минутта тағы бір франциялық футболшы Жан-Филипп Матета есепті 3:3-ке жеткізді. Негізгі уақыт тең аяқталып, матч экстра-таймға ұласты.

Экстра-таймда Испания құрамасының ойыншысы Серхио Камелло екі гол (100', 120+2') cоғып, командасына жеңіс сыйлады. Осылайша, испаниялық футболшылар Олимпиада чемпионы атанса, франциялықтар күміс жүлде еншіледі.

Айта кетейік, Морокко футбол құрамасы үшінші орынға таласта Мысыр командасын 0:6 есебімен жеңіп, Париж Олимпиадасының қола жүлдесін иеленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2147121-ispaniia-futbol-quramasy-parizh-olimpiadasynyng-chempiony-atandy/