Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық футболшы испаниялық клубқа ауысты

Жарияланған күні:

Футболшы Данил Анкудинов
Футболшы Данил Анкудинов. Фото: instagram.com / danil.ankudinov23

Футболдан Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы Данил Анкудинов Испанияның Санта-Крус-де-ла-Пальма қаласының "Менсажеро" командасымен келісімшартқа отырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ клубтың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Келісімшарттың мерзімі белгілі емес. Данил Анкудинов командамен бір апта бойы арнайы сынақтан өтіп, қалалық турнирде өнер көрсеткеннен кейін келісімшартқа қол қойылды.

Оның соңғы клубы белоруссиялық "Днепр" командасы болған еді, ол бұл клубтан шілде айында кетті. Данил Анкудинов бұған дейін молдовалық "Шериф", литвалық "Джюгас", армениялық "Ван" және ресейлік "Родина-2" клубтарында ойнаған. Айта кету керек, ол Молдова чемпионаты мен кубогын екі мәрте жеңіп алған.

Transfermarkt порталының мәліметіне сүйенетін болсақ, Данил Анкудинов қазіргі уақытта 100 мың еуроға бағаланып отыр. Қарағанды қаласында дүниеге келген шабуылшы 10 жасынан бастап Тенерифеде өмір сүрді. Қазақстан жастар құрамасының сапында үш матч өткізген.

Айта кету керек, "Менсахеро" клубы 1922 жылы құрылған және Испанияның жоғарғы лигасында ойнамаған. Өткен маусымның қорытындысы бойынша, команда төртінші дивизионнан бесінші дивизионға түсіп қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2148349-qazaqstandyq-futbolshy-ispaniialyq-klubqa-auysty/