Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аты-жөні 45 әріптен тұрады: "Динамо" футбол клубы қатарына ерекше ойыншыны қосты

Жарияланған күні:

Мохаммаджавад Хоссейннеджад
Мохаммаджавад Хоссейннеджад. Фото: dinamo-mx.ru

9 тамызда Махачкаланың "Динамо" клубы ирандық жартылай қорғаушы Мохаммаджавад Хоссейннеджадпен келісімшартқа отырды. 21 жастағы футболшының толық аты-жөні 45 әріптен тұрады, деп KAZ.NUR.KZ Ресей Премьер-лигасының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Хоссейннеджад Махачкала командасында 10-нөмірмен өнер көрсетеді. Ресей Премьер-лигасының ресми сайтында футболшының толық аты-жөні – Хоссейннеджадмахаленколай Мохаммаджавад Рамезан деп көрсетілген. Алайда, оның ойын жейдесіне қысқаша түрде "Джавад" есімі жазылады.

Өткен маусымда Хоссейннеджад ирандық "Сепахан" командасында 28 матч өткізіп, 2 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген. Сондай-ақ, 2023 жылдың қазан айында ол Иран ұлттық құрамасында дебют жасап, екі матчта ойнаған.

Айта кету керек, Махачкала "Динамосы" биыл Ресей Премьер-лигасындағы дебюттік маусымын өткізіп жатыр. Қазіргі уақытта дағыстандық клуб төрт турдан кейін екі ұпай жинап, турнир кестесінің 15-орнында тұр. Келесі турда Махачкала командасы өз алаңында "Ахмат" командасын қабылдайды. Матч 19 тамызда, дүйсенбіде өтеді.

Transfermarkt порталының мәліметінше, футболшының трансферлік құны 500 мың еуроға бағаланады.

Мохаммаджавад Хоссейннеджад туралы РПЛ сайтындағы мәлімет
Мохаммаджавад Хоссейннеджад туралы РПЛ сайтындағы мәлімет. Скриншот: premierliga.ru

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2148367-aty-zhoni-45-aripten-turady-dinamo-futbol-kluby-qataryna-erekshe-oiynshyny-qosty/