Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ордабасы" футбол клубының бас бапкері ресми түрде қызметінен кетті

Жарияланған күні:

Александр Седнев
Александр Седнев. Фото: instagram.com/fc__ordabasy

Шымкенттік "Ордабасы" футбол клубының бас бапкері Александр Седнев ресми түрде қызметінен кетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ клубтың Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Александр Седнев шымкенттік команданың бас бапкері болып 2021 жылдың қаңтарында тағайындалған еді. Оның жетекшілігімен "Ордабасы" футболшылары 129 матчқа қатысып, 63 мәрте жеңіске жетті. 28 ойында қарсыласпен тең түссе, 38 рет жеңіліс тапты.

"Осы үш жарым жыл есімізде қалары анық. Барлығы үшін рахмет, Александр Сергеевич", - делінген "Ордабасының" мәлімдемесінде.

Айта кетейік, шымкенттік ұжым УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде бақ сынаған еді. Алайда бірінші кезеңде молдовалық "Петрокубқа" есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды.

Кейін "Ордабасы" УЕФА Конференция лигасының іріктеуіне қатысты. Бұл лиганың екінші кезеңінде шымкенттік команда Люксембургтің "Дифферданж" клубын жеңгенімен, үшінші кезеңде Арменияның "Пюник" клубына есе жіберіп, плей-офф сатысына шыға алмаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2150404-ordabasy-futbol-klubynyng-bas-bapkeri-resmi-turde-qyzmetinen-ketti/