Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Конференция лигасы: "Астана" футбол клубы сырт алаңда жеңіліс тапты

Жарияланған күні:

"Астана" футбол клубының ойыншылары
"Астана" футбол клубының ойыншылары. Фото: fcastana.kz

УЕФА Конференция лигасының плей-офф кезеңінде "Астана" клубы сырт алаңда норвегиялық "Бранн" командасымен кездесу өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Норвегияның Берген қаласында өткен матчта "Астана" клубы "Бранн" командасына 0:2 есебімен жеңілді.

Матчтың 12-минутында "Бранн" клубының футболшысы Феликс Хорн Мюре гол соғып, есепті ашты. Ойынның 69-минутында Бард Финне есепті еселеді.

Айта кетейік, "Астана" мен "Бранн" арасындағы қарымта кездесу 29 тамызда Алматыда өтеді. Екі ойынның нәтижесінде жеңіске жеткен команда УЕФА Конференция лигасының топтық кезеңіне жолдама алады.

"Астана" футбол клубы биылғы маусымда еурокубокты УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінен бастады. Қазақстандық команда алғашқы айналымда молдовалық "Милсами" клубын екі матчтың қорытындысы бойынша 2:1 есебімен жеңді. Кейін румыниялық "Корвинул" командасын 8:2 есебімен ойсырата жеңіп, келесі кезеңге өткен болатын.

Норвегиялық "Бранн" командасы да еурокубокты екінші кезеңнен бастады. Екінші іріктеу кезеңінде норвегиялықтар "Гоу Эхед Иглз" командасын 2:1 есебімен жеңсе, үшінші айналымда шотландиялық "Сент-Миррен" клубын 4:2 есебімен тізе бүктірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2152258-konferentsiia-ligasy-astana-futbol-kluby-syrt-alangda-zhengilis-tapty/