Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өз жерімізде ешкімнен жеңілмеу керегін білеміз": Біржан Оразов Тәжікстанға қарсы ойын туралы айтты

Жарияланған күні:

Біржан Оразов
Біржан Оразов (оң жақта). Фото: kff.kz

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Біржан Оразов Астанада өткен Тәжікстанға қарсы бірінші жолдастық матч туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Футзалдан әлем чемпионатына дайындық аясындағы алғашқы матчта Қазақстан құрамасы Тәжікстанды 3:0 есебімен ұтқан болатын.

"Барша қазақстандықтарды жеңіспен құттықтаймын. Бұл біздің ортақ жеңісіміз. Дайындықта физикаға көп назар аударғандықтан бүгінгі ойын қиынға соқты. Бірақ өз алаңымызда, өз жерімізде ешкімнен жеңілмеу керек екенін білеміз. 

Жолдастық матч болғандықтан құрамды анықтау, ойыншылардың бір-бірімен түсінісуін арттырып, үйренісіп жатырмыз. Маңыздысы жеңіске жету емес, қандай төрттікпен ойнайтынымызды, қалай ойнайтынымызды анықтап алу болды. Команда әлі бабында емес. Алдағы жолдастық матчтардан кейін бабымызға келеміз деп ойлаймын. 

Екінші жолдастық матч жеңілдеу болатын шығар. Десе де дайындық жұмысы ауыр өткендіктен жігіттер сәл шаршаңқы. Әлем чемпионатына үш аптадай бар. Осы уақытта ең маңыздысы бабымызға ену. Оқу-жаттығу жиынының бірінші кезеңінде физикалық жаттығуларға көп назар аударсақ, енді доппен көбірек жұмыс істеу, бір-бірімізге үйренісу жұмысы өтіп жатыр. Әлем біріншілігіне ешқандай жарақатсыз, басымыз толық барса бәрі керемет болады", - деді Біржан Оразов.

Қазақстан және Тәжікстан құрамалары арасындағы келесі ойын 24 тамызда өтеді. Сондай-ақ Қазақстан құрамасы Иран (30 тамыз, Астана) және Аргентина (7 қыркүйек, Алматы) командаларымен жолдастық кездесулер өткізеді деп жоспарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2152624-oz-zherimizde-eshkimnen-zhengilmeu-keregin-bilemiz-birzhan-orazov-tazhikstanga-qarsy-oiyn-turaly-aitty/