Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Чемпиондар лигасының жаңа маусымында ойнайтын барлық команда анықталды

Жарияланған күні:

"Реал Мадрид" футбол клубының ойыншылары
"Реал Мадрид" футбол клубының ойыншылары. Фото: INA FASSBENDER/AFP via Getty Images

Футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі аяқталып, 2024/2025 жылғы маусымда ойнайтын барлық клуб белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Жаңа маусымда Чемпиондар лигасының форматы өзгереді. Турнирге бұрынғыдай 32 емес, 36 команда қатысады. Олар топқа бөлінбей, швейцариялық жүйе бойынша бір турнир кестесінде орналасады. Жебере тарту рәсімі бүгін, 29 тамызда өтеді.

Чемпиондар лигасының 2024/2025 жылғы маусымына қатысатын командалар:

  • Германия: "Байер", "Штутгарт", "Бавария", "Лейпциг", "Боруссия" (Дортмунд);
  • Италия: "Интер", "Милан", "Ювентус", "Болонья", "Аталанта";
  • Англия: "Манчестер Сити", "Арсенал", "Ливерпуль", "Астон Вилла";
  • Испания: "Реал", "Барселона", "Жирона", "Атлетико";
  • Франция: "Пари Сен-Жермен", "Монако", "Брест", "Лилль";
  • Нидерланд: ПСВ, "Фейенорд";
  • Португалия: "Спортинг", "Бенфика";
  • Аустрия: "Штурм", "Зальцбург";
  • "Брюгге" (Бельгия), "Динамо" (Загреб, Хорватия), "Селтик" (Шотландия), "Спарта" (Прага, Чехия), "Шахтер" (Украина), "Янг Бойз" (Швейцария), "Црвена Звезда" (Сербия), "Слован" (Братислава, Словакия).

Еске салайық, өткен маусымда испаниялық "Реал Мадрид" клубы Чемпиондар лигасының финалында германиялық "Боруссия Дортмунд" командасынан басым түсіп, 15-рет жеңімпаз атанған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2154798-chempiondar-ligasynyng-zhanga-mausymynda-oinaityn-barlyq-komanda-anyqtaldy/