Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайрат" клубында небәрі 9 матч өткізген шетелдік бапкер қызметінен кетті

Жарияланған күні:

Александр Кержаков
Александр Кержаков. Фото: fckairat.com

Алматылық "Қайрат" футбол клубының бас бапкері Александр Кержаков қызметінен кетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қайраттың" ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Клубтың хабарлауынша, ресейлік маманмен келісімшарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылды. Кержаковпен бірге оның көмекшілері Владимир Казаков пен Руслан Аджинджал да клубтан кетеді.

Александр Кержаков мамырдың соңында "Қайраттың" бас бапкері болып тағайындалған еді. Оның жетекшілігімен алматылық команда 12 матч өткізіп, 6 рет жеңіске жетті, 3 рет тең түсіп, 3 рет қарсыластарына есе жіберді.

"Александр Анатольевичке атқарған жұмысына алғыс айта отырып, мансап жолында одан әрі табыс тілейміз!", - делінген клубтың хабарламасында.

Айта кетейік, 1 қыркүйекте ҚПЛ аясындағы ойында "Қайрат" өз алаңында "Астанадан" 1:0 есебімен жеңілген еді. Қазір алматылық команда турнир кестесінде 32 ұпаймен көш бастап тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2156515-resmi-qairat-futbol-klubynyng-bas-bapkeri-qyzmetinen-ketti/