Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболшы Луис Суарес ұлттық құрамада мансабын аяқтады

Жарияланған күні:

Луис Суарес
Луис Суарес. Фото: Getty Images

Уругвай ұлттық құрамасы мен америкалық "Интер Майами" футбол клубының шабуылшысы Луис Суарес ел күтпеген мәлімдеме жасады. Футболшы ұлттық құрамадығы мансабын аяқтайтынын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

37 жастағы футболшы Уругвай ұлттық құрамасындағы мансабын аяқтайтынын баспасөз мәслихаты барысында хабарлады. Шабуылшы 7 қыркүйек күні Парагвай командасына қарсы ойын құрама сапындағы соңғы кездесуі болатынын мәлімдеді.

Спортшы мансабын аяқтайтынын айтып, көз жасын тыя алмады.

"Бұл мәлімдемені жасау маған қиын болып тұр. Бірақ келесі ойын құрама сапында мен үшін соңғы болмақ. Бұл жайында ұзақ ойландым. Сараптай келе, бұл шешімді қазір қабылдаған дұрыс деп есептеймін", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2156803-futbolshy-luis-suares-ulttyq-quramada-mansabyn-aiaqtady/