"Алтын доп" жүлдесінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында трофейге үміткер 30 футболшының тізімі жарияланды. Олардың арасында Криштиану Роналду мен Лионель Месси жоқ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
2023/2024 жылғы футбол маусымының қорытындысы бойынша "Алтын допқа" үміткерлердің кеңейтілген тізімі:
- Джуд Беллингем ("Реал Мадрид");
- Рубен Диаш ("Манчестер Сити");
- Фил Фоден ("Манчестер Сити");
- Федерико Вальверде ("Реал Мадрид");
- Эмилиано Мартинес ("Астон Вилла");
- Родри ("Манчестер Сити");
- Деклан Райс ("Арсенал");
- Гарри Кейн ("Бавария Мюнхен");
- Витинья ("ПСЖ");
- Коул Палмер ("Челси");
- Дани Карвахаль ("Реал Мадрид");
- Ламин Ямаль ("Барселона");
- Букайо Сака ("Арсенал");
- Вильям Салиба ("Арсенал");
- Хакан Чалханоглу ("Интер");
- Килиан Мбаппе ("ПСЖ" / "Реал Мадрид");
- Алехандро Гримальдо ("Байер");
- Адемола Лукман ("Аталанта");
- Лаутаро Мартинес ("Интер");
- Антонио Рюдигер ("Реал Мадрид");
- Артём Довбик ("Жирона" / "Рома");
- Эрлинг Холанд ("Манчестер Сити");
- Тони Кроос ("Реал Мадрид", мансабын аяқтады);
- Мартин Эдегор ("Арсенал");
- Дани Ольмо ("РБ Лейпциг" / "Барселона");
- Винисиус Жуниор ("Реал Мадрид");
- Нико Уильямс ("Атлетик Бильбао");
- Флориан Вирц ("Байер");
- Гранит Джака ("Байер");
- Матс Хуммельс ("Боруссия Дортмунд" / "Рома").
Айта кетейік, 2003 жылдан бері алғаш рет тізімге Криштиану Роналду мен Лионель Месси енбеді. Месси сегіз рет "Алтын допты " жеңіп алған болатын (2009, 2010, 2011, 2012, 2015, 2019, 2021, 2023). Бұл рекордтық көрсеткіш саналады.
Ал Роналду қатарынан екінші рет үміткерлер тізімінен тыс қалды. Португалиялық футболшы 2004-2022 жылдар аралығында үнемі тізімде көрініп келді. Ол "Алтын доптың" бес дүркін иегері (2008, 2013, 2014, 2016 және 2017) және Мессиден кейін екінші орында.
"Алтын доп" сыйлығы 1956 жылдан бері жылдың ең үздік футболшысына беріліп келеді. Биыл марапаттау рәсімі 28 қазанда Париждегі Шатле театрында өтеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2157421-21-zhylda-algash-ret-tizimde-messi-men-ronaldu-zhoq-altyn-dopqa-umitkerler-anyqtaldy/