Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Самородов пен Оразов Норвегияға қарсы матчқа қатыса ма: бас бапкер жауап берді

Жарияланған күні:

Станислав Черчесов
Станислав Черчесов. Фото: Gonzalo Arroyo - UEFA/UEFA via Getty Images

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Ұлттар лигасы аясындағы Норвегияға қарсы матчқа команданың дайындығы туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Vesti.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ертең, 6 қыркүйекте Алматыда футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасы аясында Норвегияға қарсы кездесу өткізеді. Аталмыш матч қарсаңында ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесов команданың дайындығы, осыған дейін жарақат алған футболшылардың ойынға қатысу-қатыспауына байланысты пікір білдірді.

"Максимнің жарақаты Рамазанның жарақатынан ауыр. Екеуі де құрамаға келді,  жаттығу жасап үлгерді. Жарақатының қандай деңгейде екенін мен нақты айта алмаймын, бүгін кешке дәрігерлер тексеріп, соңғы сөзді сол мамандар айтады. Ойнауға болады десе ертең алаңнан көресіздер", - деді Станислав Черчесов.

Айта кетейік, ресейлік маман Станислав Черчесов маусымда футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2157606-samorodov-pen-orazov-norvegiiaga-qarsy-matchta-oinai-ma-stanislav-cherchesov-zhauap-berdi/