Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асхат Тағыберген: Холандты көруге келесіңдер ме, әлде ұлттық құраманы қолдайсыңдар ма

Жарияланған күні:

Футболшы Асхат Тағыберген
Футболшы Асхат Тағыберген. Фото: kff.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыберген команданың Ұлттар лигасы ойындарына дайындығы туралы пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Vesti.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыберген Норвегияға қарсы алдағы матч туралы пікір білдіріп, ойыншылардың тактикалық дайындығына тоқталды.

"Әр жаттықтырушының өз тактикасы бар. Маған ойыншылардың тәжірибесі бойынша артық мәселе жоқ сияқты көрінеді. Біз жеңіске ұмтыламыз. Алдыңғы кезеңдерде болған сенсацияны қайталағымыз келеді.

Сондай-ақ ұлттық құрама капитаны Алматыдағы стадион мен атмосфераға қатысты ойын білдіре отырып, ол Қазақстанның әр қаласындағы ойын жағдайларының ерекшеліктерін атады.

"Алматыдағы стадион? Бұл біздің еліміз, Қазақстан ғой. Мұнда табиғи газон, ал Астананың өз артықшылықтары бар, Алматының да өзіне тән ерекшеліктері бар. Достарым менен осы матчқа билет сұрайды, мен оларға: "Сендер ұлттық құраманы қолдауға келесіңдер ме, әлде Холландты көруге ме?" деп күлемін.

Холланд пен Эдегорға қарсы ойында не күтеміз? Біз қарсыластарымызға емес, өзіміздің командадағы ойынға көп көңіл бөліп жатырмыз. Бұл ойынға толық дайынбыз және бар күшімізді саламыз", - деді Асхат Тағыберген.

Айта кетейік, ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесов команданың дайындығы, осыған дейін жарақат алған футболшылардың ойынға қатысу-қатыспауына байланысты пікір білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2157630-ashat-tagybergen-holandty-koruge-kelesingder-me-alde-ulttyq-quramany-qoldaisyngdar-ma/