Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Криштиану Роналду мансабындағы 900-голын соғып, рекорд орнатты

Жарияланған күні:

Португалия – Хорватия матчы
Португалия – Хорватия матчы. Фото: Zed Jameson/MB Media/Getty Images

Әйгілі португалиялық футболшы Криштиану Роналду мансабындағы 900-голын салды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Футболдан Португалия құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында өз алаңында Хорватияны қабылдап, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Ойынның 34-минутында Криштиану Роналду мергендік танытты. Opta статистикалық порталының мәліметінше, бұл Роналдудың мансабындағы 900-гол болды. Ол ересектер арасындағы ресми матчтарда 900 рет гол салған алғашқы футболшы атанды.

Роналду Португалия құрамасы сапында 131, "Спортингта" 5, "Реал Мадридте" 450, "Манчестер Юнайтедте" 145, "Ювентуста" 101, қазіргі клубы "Әл-Насрда" 68 гол соққан.

39 жастағы футболшы Португалия құрамасында 2003 жылдан бері ойнап келеді. Ұлттық команда құрамында Криштиану 213 матч өткізеді. Transfermarkt порталының мәліметінше, футболшының нарықтық құны 15 миллион еуро.

Еске салайық, кейінгі 21 жылда алғаш рет "Алтын допқа" үміткерлер тізіміне Криштиану Роналду мен Лионель Месси енбегенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2157991-krishtianu-ronaldu-mansabyndagy-900-golyn-sogyp-rekord-ornatty-video/