Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сан-Марино футболшылары соңғы 20 жылда болмаған нәтижелерін қайталады

Жарияланған күні:

Сан-Марино құрамасы
Сан-Марино құрамасы. Фото: instagram.com/fsgc_official

Футбодан Сан-Марино ерлер құрамасы өз алаңында Лихтенштейн командасын жеңіп, соңғы 20 жылдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Екі команда УЕФА Ұлттар лигасының алғашқы туры аясында кездесті. Құрамалар D лигасының 1-тобында ойнайды. Матч "Олимпико Ди Серравалле" стадионында өтіп, 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. Жалғыз голды 53-минутта Сан-Марино қорғаушысы Нико Сенсоли салды.

"Тура жиырма жылдан кейін Сан-Марино құрамасы Ұлттар лигасында Лихтенштейнді 1:0 есебімен жеңіп, тарихтағы екінші жеңісіне қол жеткізді", - делінген Cан-Марино командасының Instagram желісіндегі жазбасында.

Айта кетейік, Сан-Марино құрамасы соңғы рет 2004 жылдың 24 сәуірінде Лихтейнштейнді жолдастық кездесуде 1:0 есебімен жеңген еді

Сан-Марино құрамасы Ұлттар лигасының алғашқы турындағы жеңісі үшін 3 ұпай иеленіп, топ кестесінде көш бастады. Команда ФИФА рейтингінде соңғы 210-орында, ал Лихтенштейн 199-орында тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2158015-san-marino-futbolshylary-songgy-20-zhylda-bolmagan-natizhelerin-qaitalady/