Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның бұрынғы футболшысы қазіргі құраманың үздік ойыншысын айтты

Жарияланған күні:

"Астана" – "Спортинг" матчы
"Астана" – "Спортинг" матчы. Фото: STANISLAV FILIPPOV/AFP via Getty Images

"Астана" футбол клубының бұрынғы қақпашысы Ненад Эрич Қазақстанның қазіргі ең үздік ойыншысын атады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазақстанда ойнап жүрген футболшылардың арасынан, бәлкім менің досым Марин Томасовты үздік футболшы деп айтар едім. Ал қазақстандық футболшылардың ішінен Бақтиер Зайнутдиновты атап өтуге болады. Қазір оның Түркиядағы жағдайы мәз емес екенін байқадым, бірақ ол табанды және талантты футболшы. Сонымен қатар көп еңбектенеді және өте тәртіпті. Сондықтан бұл Бақтиер үшін тек уақытша қиындықтар деп ойлаймын", - деді Ненад Эрич.

Айта кетейік, Ненад Эрич "Астана" сапында он маусым өнер көрсеткен, сол уақытта ол Қазақстанның 6 дүркін чемпионы, екі мәрте кубок иегері атанған. Сондай-ақ ол үш рет Қазақстан суперкубогын жеңіп алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2158144-qazaqstannyng-buryngy-futbolshysy-qazirgi-quramanyng-uzdik-oiynshysyn-aitty/