Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Холанд команда сапында: Қазақстан – Норвегия матчында бастапқы құрамда ойнайтын футболшылар тізімі жарияланды

Жарияланған күні:

Футболдан Қазақстан құрамасы
Футболдан Қазақстан құрамасы. Фото: sports.kz

Ұлттар лигасы аясында Норвегиямен кездесетін Қазақстан құрамасының бастапқы құрамда алаңға шығатын футболшылар тізімі жарияланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан құрамасының бастапқы тізімдегі ойыншылары: Игорь Щацкий, Марат Быстров, Әлібек Қасым, Александр Марочкин, Нұралы Әліп, Ян Вороговский, Рамазан Оразов, Асхат Тағыберген, Бақтиер Зайнутдинов, Ислам Чесноков, Абат Айымбетов.

Норвегия құрамасының бастапқы тізімдегі ойыншылары: Эрьян Нюланн, Лео Эстигор, Андреас Ханке-Ольсен, Юлиан Райерсон, Давид Вольфе, Феликс Мюре, Патрик Берг, Мартин Эдегор, Антонио Нюса, Эрлинг Холанд, Александер Серлот.

Айта кетейік, 9 қыркүйекте ұлттық құрама Словенияға қарсы кездесу өткізеді. Бұл матч Любляна қаласындағы "Стожице" стадионында Астана уақыты бойынша сағат 23:45-те болады.

Ал Норвегия құрамасына қарсы екінші ойын 11 қарашада өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2158281-holand-komanda-sapynda-qazaqstan-norvegiia-matchynda-bastapqy-quramda-oinaityn-futbolshylar-tizimi-zhariialandy/