Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттар лигасы: Қазақстан ұлттық құрамасы Норвегиямен тең тарқасты

Жарияланған күні:

Абат Айымбетов пен Норвегия құрамасының футболшылары
Абат Айымбетов пен Норвегия құрамасының футболшылары. Фото: instagram.com / kff_team

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасы аясында өз алаңында Норвегиямен кездесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бүгін, 6 қыркүйекте футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасының топтық кезеңі аясында Норвегия құрамасына қарсы матч өткізді. В дивизионында өнер көрсететін қос құрама Алматыда кездесті.

Қазақстан мен Норвегия арасындағы ойын 0:0 есебімен аяқталды. Бұл матчта Қазақстан құрамасы қарсылас команда қақпасына 5 соққы жасады. Ал Норвегия құрамасы Игорь Шацкий қақпасына 20 соққы бағыттады.

Норвегияға қарсы екінші ойын 11 қарашада өтеді.

Айта кетейік, 9 қыркүйекте ұлттық құрама Словенияға қарсы кездесу өткізеді. Бұл матч Любляна қаласындағы "Стожице" стадионында Астана уақыты бойынша сағат 23:45-те болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2158327-ulttar-ligasy-qazaqstan-ulttyq-quramasy-norvegiiamen-kezdesu-otkizdi/