Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Криштиану Роналду 1 млрд жазылушы жинаған әлемдегі алғашқы адам атанды

Жарияланған күні:

Криштиану Роналду
Криштиану Роналду. Фото: Ryan Pierse - UEFA/UEFA via Getty Images

Әйгілі португалиялық футболшы Криштиану Роналду әлеуметтік желілерде 1 млрд жазылушы жинады. Ол мұндай жетістікке жеткен әлемдегі алғашқы адам атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Роналду әлеуметтік желілерде 1 млрд жазылушы жинағанын Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлап, барша жанкүйеріне алғыс айтты.

"Біз тарих жасадық – 1 миллиард жазылушы! Бұл жай ғана сан емес – бұл біздің ойынға деген ортақ құмарлығымыздың, сүйіспеншілігіміздің дәлелі. Мадейра көшелерінен бастап әлемдегі ең үлкен алаңдарға дейін мен әрқашан отбасым үшін және сіздер үшін ойнадым. Енді 1 миллиард болдық. Маған сеніп, қолдағандарыңыз және өмірімнің бір бөлігі болғандарыңыз үшін рахмет. Ең жақсысы әлі алда, біз бірге жеңіске жетіп, тарихқа енеміз", - деп жазды Роналду.

"Алтын доптың" бес дүркін иегері Криштиану Роналду 2023 жылдан бері Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубында ойнап жүр. Ол Еуропа чемпионаты, Чемпиондар лигасы, клубтық әлем чемпионаты тарихындағы үздік сұрмерген саналады.

Еске салайық, 2003 жылдан бері алғаш рет "Алтын допқа" үміткерлер тізіміне Криштиану Роналду мен Лионель Месси енбегенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2161069-krishtianu-ronaldu-1-mlrd-zhazylushy-zhinagan-alemdegi-algashqy-adam-atandy/