Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан Англия құрамасы 2028 жылғы Еуропа чемпионатына қатыса алмауы мүмкін

Жарияланған күні:

Англия құрамасы
Англия құрамасы. Фото: Robbie Jay Barratt - AMA/Getty Images

Футболдан Англия құрамасы 2028 жылғы Еуропа чемпионатына қатыса алмауы мүмкін. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ The Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлыбритания билігі Англия футболына тәуелсіз реттеуші орган құрмақшы. Яғни бұл реттеуші орган футболдан Англия ұлттық құрамасы мен жергілікті клубтардың жұмысын басқарады әрі бақылайды.

УЕФА (Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы) бұл шешімге қарсы болып отыр. УЕФА-ның бас хатшысы Теодор Теодоридис Ұлыбританияның мәдениет, ақпарат және спорт министрі Лиза Лэндиге хат жазып, үкіметтің футболды басқаруға араласуына алаңдаушылық білдірген. Теодоридистің айтуынша, футбол құрылымдарының тәуелсіздігі қазіргі уақыттағы басты қағида және жаңа реттеуші органға клубтарды бақылау құқығын бермеуді сұраған.

Егер Ұлыбритания бұл қағиданы бұзса, УЕФА санкциялар енгізуі мүмкін. Санкциялар Англия футбол федерациясын шеттетуге дейін баруы ықтимал. Осының салдарынан Англия ұлттық құрамасы 2028 жылғы Еуропа чемпионатына қатыспай қалуы мүмкін, ал турнирдің өзі Англия мен Ирландияда өтеді деп жоспарланған. Сондай-ақ бұл жағдай ағылшын клубтарының еурокубоктарға қатысуына және Англия құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысуына да қауіп төндіруі мүмкін.

Айта кетейік, футболдан Англия ұлттық құрамасы биыл Германияда өткен Еуро-2024 турнирінде бақ сынап, финалға дейін жеткен. Ақтық сында Англия құрамасы Испанияға 1:2 есебімен есе жіберген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2161807-futboldan-angliia-quramasy-2028-zhylgy-europa-chempionatyna-qatysa-almauy-mumkin/