Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Криштиану Роналду вирус жұқтырып алуына байланысты жақын арада алаңға шыға алмайды

Жарияланған күні:

Криштиану Роналду
Криштиану Роналду. Фото: Hesham Elsherif/Anadolu via Getty Images

"Әл-Наср" футбол клубының шабуылшысы әрі капитаны Криштиану Роналду денсаулығының нашарлауына байланысты Иракта өтетін "Әл-Шорта" командасына қарсы матчқа қатыса алмайды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Бүгін, 16 қыркүйекте "Әл-Наср" футбол клубы Азия чемпиондар лигасы аясында "Әл-Шорта" (Ирак) командасымен кездеседі. Алайда бұл ойынға португалиялық футболшы Криштиану Роналду қатыса алмайды.

"Әл-Наср" клубының ресми мәлімдемесінде Роналдудың вирус жұқтырғаны және дәрігерлер оған демалыс ұсынғаны айтылды.

"Біздің капитан Криштиану Роналду өзін жайсыз сезінді, оның ағзасынан вирустық инфекция анықталды. Команда дәрігері оған тынығуды ұсынды, сондықтан ол Иракқа командамен бірге бармайды. Біз капитанымыздың тезірек сауығып кетуін тілейміз", - делінген клубтың Х желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, 39 жастағы Криштиану Роналду бес мәрте "Алтын доп" жүлдесінің иегері атанған және бес рет УЕФА чемпиондар лигасын жеңіп алған. Ол Португалия құрамасы сапында 2016 жылы Еуропа чемпионатында және 2018/19 жылдардағы Ұлттар лигасында топ жарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2161944-krishtianu-ronaldu-virus-zhuqtyryp-aluyna-bailanysty-zhaqyn-arada-alangga-shyga-almaidy/