Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордалық "Қайсар" футбол клубы қаржылай қиындықтар жайлы мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

"Қайсар" футбол клубының ойыншылары
"Қайсар" футбол клубының ойыншылары. Фото: instagram.com/fckaysar_official

Қызылордалық "Қайсар" футбол клубында ойыншылар мен жаттықтырушыларға жалақы уақытылы берілмей жатыр деген ақпарат тарады. Бұған қатысты клуб ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Осыған дейін БАҚ-та "Қайсар" ұжымының футболшылары мен жаттықтырушыларына жалақы кешіктіріліп беріліп жатқаны туралы ақпарат тараған еді. Бұған қатысты "Қайсардың" Instagram-дағы парақшасында ресми мәлімдеме жарияланды.

"Қайсар" футбол клубының қаржылық жағдайына байланысты республикалық спорт порталдарында жарияланған ақпарат негізсіз яғни шынайы ақпарат емес екенін жеткіземіз.

Бүгінде клуб барлық қызметкерлерге, футболшылар мен жаттықтырушыларға уақытылы жалақы төлеп жатқанын хабарлаймыз. Сонымен қатар "Қайсар" футбол клубы Премьер-лигада маусымды сәтті аяқтауына ешқандай кедергілер жоқ екенін баяндаймыз!", - делінген мәлімдемеде.

Айта кетейік, қазір "Қайсар" футбол клубы Қазақстан Премьер лигасының турнир кестесінде 25 ұпаймен 5-орында тұр. Қызылордалық команданың келесі ойыны 18 қыркүйекте "Астана" ұжымына қарсы өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2161962-qyzylordalyq-qaisar-futbol-kluby-qarzhylai-qiyndyqtar-zhaily-malimdeme-zhasady/