Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық футзалшы 100 жыл ешкім еңсере алмаған әлем рекордын жаңартты (видео)

Жарияланған күні:

Қазақстан – Испания матчы
Қазақстан – Испания матчы. Фото: Anvar Ilyasov - FIFA/FIFA via Getty Images

Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) ресми сайтында футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Біржан Оразовтың әлем чемпионатында соққан голы туралы ресми ақпарат жарияланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатын Испанияға қарсы ойынмен бастаған еді. Бұл матч 1:1 есебімен тең аяқталды. Ойын есебін алғашқы секундтарда қазақстандық ойыншы Біржан Оразов ашқан болатын.

"Бар болғаны жеті секунд (ресми бес секунд – ред.ескертпесі) ішінде салынған Оразовтың голы осы жүзжылдықта футзалдан ФИФА әлем чемпионаттарында соғылған ең жылдам гол болды", - делінген ФИФА-ның ресми сайтында.

Қазақстан құрамасының биылғы әлем чемпионатындағы келесі қарсыласы – Ливия. Бұл матч 18 қыркүйекте өтеді. Ал қазақстандықтардың топтық кезеңдегі соңғы ойыны 21 қыркүйекте Жаңа Зеландия командасына қарсы өтеді. Әзірге Қазақстан құрамасы D тобында 3-орында тұр.

Топта үздік атанған 2 құрама плей-офф кезеңіне тікелей жолдама алады. Сонымен бірге әр топта үшінші орын алған құрамалар арасында үздік атанған 4 команда да келесі кезеңге өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2162133-qazaqstandyq-futzalshy-alem-chempionatynda-keiingi-zhuzzhyldyqtagy-eng-zhyldam-goldy-soqty-video/