Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Айғайлап жібердім": Нұралы Әліп матч кезінде бразилиялықпен ерегесіп қалды (видео)

Жарияланған күні:

Нұралы Әліп пен Барбоза Мойзестің қақтығысы
Нұралы Әліп пен Барбоза Мойзестің қақтығысы. Фото: ria.ru

Санкт-Петербургтік "Зенит" футбол клубының қорғаушысы Нұралы Әліп "ЦСКА"-ға қарсы кездесуде орын алған жағдайға байланысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

14 қыркүйекте "Зенит" футбол клубы Ресей премьер лигасының 8-туры аясында мәскеулік "ЦСКА" командасына қарсы кездесу өткізген болатын. Бұл матчта "Зенит" клубы 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Ал "Зенит" сапында ойнайтын қазақстандық футболшы Нұралы Әліп матчтың екінші таймында Вильмар Барриостың орнына шықты. Ойынның 80-минутында Нұралы Әліп пен "ЦСКА" клубының бразилиялық легионері Барбоза Мойзес арасында қақтығыс орын алады. Нәтижесінде екі ойыншыға бас төреші сары қағаз көрсетті.

"Негізі айтарлықтай ештеңе болған жоқ. Бұл – ойынның бір бөлігі, эмоция. Бәрі бұрыштамадан көтерілген доптан басталды, сол кезде Мойзес мені итеріп жіберді, мен де сәл ашуланып кеттім. Кейін мен ойынды жалғастырып, төрешіге фол бар ма, жоқ па деген сыңайда қарадым. Төреші ойынды жалғастыруға белгі берді. Сол кезде эмоциям еркімнен тыс шығып кетіп, айғайлап жібердім", - деді Нұралы Әліп "Матч ТВ" арнасына берген сұқбатында.

Айта кетейік, бас бапкер Сергей Семак баптайтын "Зенит" футбол клубы 8 турдың нәтижесі бойынша 20 ұпай еншілеп, турнир кестесінде топ бастап келеді.

Ал "ЦСКА" клубы 13 ұпайды қанжығасына байлап, 5-орынға жайғасқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2162148-aigailap-zhiberdim-nuraly-alip-match-kezinde-braziliialyqpen-eregesip-qaldy-video/