Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін жаңа форматтағы УЕФА Чемпиондар лигасы басталады

Жарияланған күні:

"Реал Мадрид" футбол клубының ойыншылары
"Реал Мадрид" футбол клубының ойыншылары. Фото: INA FASSBENDER/AFP via Getty Images

Бүгін, 17 қыркүйекте УЕФА Чемпиондар лигасының 2024/25 маусымының алғашқы ойындары өтеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

УЕФА Чемпиондар лигасының биылғы маусымында 36 команда бақ сынайды.

Клубтар жаңа форматтағы бәсекеде сайысқа түседі. Осыған дейін бұл турнирде 32 команда ғана қатыса алатын. Жарыстың жаңа ережесі бойынша жалпы үздік шыққан сегіз команда 1/8 финалға тікелей жолдама алады, ал 9-24-орын алған клубтар қосымша ойындар өткізеді. Жеңіске жеткен командалар 1/8 финалға шығады.

Бүгін, 17 қыркүйекте Чемпиондар лигасының алғашқы туры аясында 6 матч өтеді:

(Астана уақыты бойынша көрсетілген)

  • "Ювентус" (Италия) – "ПСВ" (Нидерланд) – сағат 21:35-те басталады;
  • "Янг Бойз" (Швейцария) – "Астон Вилла" (Англия) – сағат 21:35-те басталады;
  • "Милан" (Италия) – "Ливерпуль" (Англия) – сағат 23:50-де басталады;
  • "Бавария" (Германия) – "Динамо Загреб" (Хорватия) – сағат 23:50-де басталады;
  • "Реал Мадрид" (Испания) – "Штутгарт" (Германия) – сағат 23:50-де басталады;
  • "Спортинг Лиссабон" (Португалия) – "Лилль" (Франция) – сағат 23:50-де басталады.

Айта кетейік, УЕФА Чемпиондар лигасының алғашқы тур ойындары 17-19 қыркүйек аралығында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2162434-bugin-zhanga-formattagy-uefa-chempiondar-ligasy-bastalady/