Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тағы екі гол салуға мүмкіндігіміз болды": футзалдан Қазақстан құрамасының бапкері Ливияға қарсы ойын туралы айтты

Жарияланған күні:

Рикардо Кака
Рикардо Кака. Фото: Anvar Ilyasov - FIFA/FIFA via Getty Images

Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісі туралы пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Кеше, 18 қыркүйекте футзалдан Қазақстан құрамасы Ливиядан 4:1 есебімен басым түсіп, әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

"Сен фаворит болып, турнирлік кестеде бірінші орынға шыққың келсе, саған түсетін қысымды жеңіп шығуың керек. Сондай-ақ гол айырмашылығын еселегің келгенде де, үлкен қысымға тап боласың. Жігіттер ойын барысында бұл қысымды жеңе білді, оларда керемет ынта болды. Басты міндетіміз – жеңіс болды.

Егер біз он гол салуымыз керек деп ойласаңыздар, қателесесіздер. Тағы екі гол салуға мүмкіндігіміз болды, бірақ одан артық емес. Нәтиже әділ болды", - деді Кака.

Айта кетейік, 21 қыркүйекте Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі соңғы ойынын Жаңа Зеландияға қарсы өткізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2163235-tagy-eki-gol-saluga-mumkindigimiz-boldy-futzaldan-qazaqstan-quramasynyng-bapkeri-liviiaga-qarsy-oiyn-turaly-aitty/