Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Роналдуды италиялық маман жаттықтырады: "Әл-Наср" клубына жаңа бас бапкер тағайындалды

Жарияланған күні:

Стефано Пиоли
Стефано Пиоли. Фото: Claudio Villa/AC Milan via Getty Images

Стефано Пиоли Сауд Арабиясының "Әл-Наср" футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ клубтың X желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

58 жастағы Стефано Пиоли осыған дейін италиялық "Милан" футбол клубының тізгінін ұстаған болатын. Италиялық маман клубты 2019-2024 жылдар аралығында баптады. Стефано Пиоли командамен бірге 2021/2022 жылғы маусымда Италия чемпионатын жеңіп алған.

Естеріңізге сала кетейік, 17 қыркүйекте "Әл-Наср" клубы португалиялық Луиш Каштруды бас бапкер қызметінен босатқанын хабарлаған еді. 63 жастағы маман бұл қызметке 2023 жылдың шілдесінде тағайындалған болатын. Оның жетекшілігімен команда 54 матч өткізіп, 36 жеңіске жетіп, 9 мәрте тең ойнап, 9 матчта жеңіліс тапқан.

Сондай-ақ "Әл-Наср" клубының сапында әйгілі португалиялық футболшы Криштиану Роналду өнер көрсетеді.

Айта кетейік, қазіргі уақытта "Әл-Наср" клубы чемпионаттың үш турынан кейін 5 ұпай жинап, турнир кестесінде жетінші орында келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2163255-ronaldudy-italiialyq-maman-zhattyqtyrady-al-nasr-klubyna-zhanga-bas-bapker-tagaiyndaldy/