Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА-ның жаңартылған рейтингінде нешінші орында тұр

Жарияланған күні:

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы. Фото: kff.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы қыркүйектегі матчтардың қорытындысы бойынша Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) жаңартылған рейтингінде 109-орнын сақтап қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қыркүйекте Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы аясында екі кездесу өткізді. Алдымен қазақстандықтар өз алаңында Норвегиямен (0:0) тең ойнаса, кейін Словениядан (0:3) жеңіліп қалды.

ФИФА-ның жаңартылған рейтингінде Қазақстан құрамасының позициясы өзгерген жоқ. Команда 0,41 ұпай жоғалтып, 109-орнын сақтап қалды.

Сондай-ақ рейтингтегі үздік ондықта өзгеріс болмады. Әлем чемпионаты мен Америка кубогының жеңімпазы Аргентина құрамасы әлі де көш бастап тұр.

ФИФА-ның 19 қыркүйекте жаңарған рейтингі:

  • 1. Аргентина – 1889,02 ұпай;
  • 2. Франция – 1851,92;
  • 3. Испания – 1836,42;
  • 4. Англия – 1817,28;
  • 5. Бразилия – 1772,02;
  • 6. Бельгия – 1768,14;
  • 7. Нидерланд – 1759,95;
  • 8. Португалия – 1752,14;
  • 9. Колумбия – 1738,72;
  • 10. Италия – 1726,31...
  • 109. Қазақстан – 1193,21.

Еске салайық, футзалдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатында алғашқы жеңіске қол жеткізген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2163504-futboldan-qazaqstan-quramasy-fifa-nyng-zhangartylgan-reitinginde-qai-orynda-tur/