Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футзалдан Қазақстан құрамасы мерзімінен бұрын әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты

Жарияланған күні:

Футзалдан Қазақстан құрамасы
Футзалдан Қазақстан құрамасы. Фото: kff.kz

Өзбекстанда өтіп жатқан футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатында топтық кезеңнің екінші туры аяқталды. Оның қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы мерзімінен бұрын плей-офф кезеңге шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Плей-офф кезеңге әр топта үздік атанған 2 құрама тікелей жолдама алады. Сонымен бірге әр топта үшінші орын алған құрамалар арасында үздік атанған 4 команда да келесі кезеңге өтеді.

Қазақстан құрамасы Ливияны 4:1 есебімен жеңген соң, D тобында 4 ұпаймен екінші орынға жайғасты. Осылайша үшінші турдың нәтижесіне қарамастан, Қазақстан командасы мерзімінен бұрын плей-оффқа шықты.

Қазақстандық футзалшылар топтық кезеңдегі соңғы ойынын 21 қыркүйекте Жаңа Зеландияға қарсы өткізеді. Бұл ойын Астана уақыты бойынша 17:20-да басталады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы биылғы әлем чемпионатындағы алғашқы ойынын Испанияға қарсы өткізіп, 1:1 есебімен тең тарқасқан еді. Бұл матчта қазақстандық ойыншы Біржан Оразов жылдам гол соғып, тарихи нәтиже тіркеді. Кейін ұлттық құрама Ливияға қарсы ойнап, 1:4 есебімен жеңіске жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2163748-futzaldan-qazaqstan-quramasy-merziminen-buryn-alem-chempionatynyng-plei-off-kezengine-shyqty/