Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресей футбол одағы қазақстандық ойыншы Нұралы Әліпке қатысты шешім шығарды

Жарияланған күні:

Нұралы Әліп
Нұралы Әліп. Фото: Mike Kireev/NurPhoto via Getty Images

Ресей футбол одағының сараптамалық комиссиясы "ЦСКА" мен "Зенит" арасындағы матчта болған даулы эпизодқа қатысты шешім шығарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

14 қыркүйекте "Зенит" футбол клубы Ресей премьер лигасының 8-туры аясында мәскеулік "ЦСКА" командасына қарсы кездесу өткізген болатын. Бұл матчта "Зенит" клубы 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Ойынның 80-минутында Нұралы Әліп пен "ЦСКА" клубының бразилиялық легионері Барбоза Мойзес арасында қақтығыс орын алады. Нәтижесінде екі ойыншыға бас төреші сары қағаз көрсетті.

Ресей футбол одағының сараптамалық комиссиясы осы оқиғаға қатысты өз шешімін шығарды. Аталмыш матчты Алексей Сухой басқарған болатын.

"Төрешінің "Зенит" ойыншысы Нұралы Әліпті ойыннан шеттетпеу туралы шешімі дұрыс деп танылды. Нұралы Әліптің Барбоза Мойзеспен допқа таласу кезінде және одан кейінгі қақтығыста ережені өрескел бұзу немесе агрессивті әрекет элементтері болмаған. Ойыншы тарапынан артық күш қолданылмағандықтан, төреші Әліпке тек ескерту жасаған.

Комиссия бұл шешімді бірауыздан қолдап, "Зенит" ойыншысына көрсетілген ескерту әділ болды деген қорытындыға келді", - делінген Ресей футбол одағының хаттамасында.

Айта кетейік, бас бапкер Сергей Семак баптайтын "Зенит" футбол клубы 8 турдың нәтижесі бойынша 20 ұпай еншілеп, турнир кестесінде топ бастап келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2164044-resei-futbol-odagy-qazaqstandyq-oiynshy-nuraly-alipke-qatysty-sheshim-shygardy/