Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футзалдан әлем чемпионатының плей-офф кезеңінің барлық жұбы белгілі болды

Жарияланған күні:

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы. Фото: Anvar Ilyasov - FIFA/FIFA via Getty Images

Кеше, 22 қыркүйекте футзалдан әлем чемпионаты аясында топтық кезеңнің соңғы ойындары аяқталып, 1/8 финалдың барлық жұбы белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Өзбекстанда өтіп жатқан футзалдан әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне 16 құрама жолдама алды.

Әлем чемпионатының 1/8 финалдық кезеңінде кездесетін құрамалар:

(Астана уақыты бойынша көрсетілген)

24 қыркүйек

  • 17:30. Бразилия – Коста-Рика;
  • 20:00. Нидерланды – Украина.

25 қыркүйек

  • 17:30. Испания – Венесуэла;
  • 20:00. Парагвай – Ауғанстан.

26 қыркүйек

  • 17:30. Иран – Марокко;
  • 20:00. Португалия – Қазақстан.

27 қыркүйек

  • 17:30. Таиланд – Франция;
  • 20:00. Аргентина – Хорватия.

Қазақстан ұлттық құрамасы 26 қыркүйекте Өзбекстанның Әндіжан қаласында Португалияға қарсы кездесу өткізеді.

Ал ширек финал 29-30 қыркүйекте, жартылай финал 2-3 қазанда өтеді. Ал ақтық сын 6 қазанда Ташкентте өтеді деп жоспарланған.

Айта кетейік, Өзбекстанда өтіп жатқан футзалдан әлем чемпионатының D тобында сынға түскен Қазақстан құрамасы 7 ұпай еншілеп, екінші орынмен плей-оффқа шыққан болатын.

Алғашқы ойынла Испаниямен 1:1 есебімен тең түссе, Ливияны 4:1 есебімен жеңген еді. Ал Жаңа Зеландияға қарсы үшінші ойында 10:0 есебін тіркеп, ірі жеңіске қол жеткізген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2164597-futzaldan-alem-chempionatynyng-plei-off-kezengining-barlyq-zhuby-belgili-boldy/