Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бүгін оның туған күні": Криштиану Роналду 904-голын марқұм әкесіне арнады (видео)

Жарияланған күні:

Криштиану Роналду
Криштиану Роналду: Yasser Bakhsh/Getty Images

"Әл-Наср" клубының шабуылшысы Криштиану Роналду Азия Чемпиондар лигасы аясында мансабындағы 904-голын соқты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Әл-Наср" клубы Азия Чемпиондар лигасының 2-турында "Әл-Райян" клбуымен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл ойында португалиялық футболшы Криштиану Роналду мансабындағы 904-голын соқты.

Журналист Фабрицио Романо Facebook желісіндегі ресми парақшасында португалиялық футболшы қолын аспанға көтеріп, бұл голын әкесіне арнағанын ишарат еткенін жазды.

"Бүгінгі голдың мәні бөлек... Мен әкемнің тірі болғанын қалайтын едім. Себебі бүгін оның туған күні", - деп Криштиану Роналдудың сөзін журналист Фабрицио Романо әлеуметтік желідегі парақшасында келтіреді.

Айта кетейік, "Әл-Наср" Азия чемпиондар лигасының 2-турдағы қорытынды бойынша 4 ұпай жинақтады. Бұл турнирдегі келесі ойынын 22 қазанда ирандық "Эстегяль" футбол клубына қарсы өткізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2167903-bugin-onyng-tugan-kuni-krishtianu-ronaldu-904-golyn-marqum-akesine-arnady/