Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төрт жылдан кейін қайта жанданған павлодарлық "Ертіс" чемпион атанды

Жарияланған күні:

"Ертіс" футбол клубының ойыншылары
"Ертіс" футбол клубының ойыншылары. Фото: qfl.kz

Павлодарлық "Ертіс" футбол клубы Қазақстанның екінші лигасының чемпионы атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Qazaqstan Football League сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Екінші лиганың 2024 жылғы маусымы кеше, 1 қыркүйекте аяқталды. 22 кездесуден кейін 56 ұпай жинаған "Ертіс" Солтүстік-Шығыс конференциясында бірінші орын алды.

Соңғы турда павлодарлық клуб Петропавлдың "Қызыл-Жар" жастар командасын 3:0 есебімен ұтты. Арман Смайылов ойын барысында гол соқса, Жасұлан Қайыркенов дубль жасады.

Осылайша өз конференциясында топ жарған "Ертіс" футбол клубы келесі маусымда бірінші лигада өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды. Павлодарлық командадан бөлек, Оңтүстік-Батыс конференциясында жеңіске жеткен алматылық "АКАС" та келесі жылы бірінші лигада бақ сынамақ.

Айта кетейік, павлодарлық клуб өткен жылы қайта жанданып, биылдан бастап Қазақстанның екінші лигасында өнер көрсетті. Бұған дейін 2020 жылы қаржы мәселесіне байланысты "Ертіс" Қазақстан премьер-лигасынан шеттетіліп, 2022 жылы банкрот деп танылған болатын.

Сонымен қатар, клуб ел тарихындағы ең атақты клубтардың бірі болып қала береді. "Ертіс" бес рет Қазақстан чемпионатын жеңіп алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2168467-tort-zhyldan-keiin-qaita-zhandangan-pavlodarlyq-ertis-chempion-atandy/