2 қазанда УЕФА Чемпиондар лигасының екінші тур матчтары өтті. Мадридтік "Реал" футбол клубы сенсациялық жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Мадридтік "Реал" командасы сырт алаңда франциялық "Лилльмен" кездесті. Алаң иелері 45+3-минутта Джонатан Дэвидтің пенальтиден соққан голының арқасында 1:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша "Реал" биылғы маусымдағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.
Тағы бір испаниялық "Атлетико" клубы сырт алаңда португалиялық "Бенфикаға" есе жіберді. Лиссабондық "Бенфика" клубы Керем Актүркөглу (13-минут), Анхель Ди Мария (52, пенальти), Александр Бах (75) және Оркун Көкчю (84, пенальти) голдарының арқасында 4:0 жеңіске жетті.
Ал "Бавария" клубы екінші турда ағылшындық "Астон Вилладан" жеңіліп қалды. Жалғыз голды 79-минутта Джон Дуран соқты.
Екінші турдағы матчтардың нәтижелері:
- "Жирона" (Испания) – "Фейеноорд" (Нидерланды) – 2:3;
- "Шахтер" (Украина) – "Аталанта" (Италия) – 0:3;
- "Штурм" (Австрия) – "Брюгге" (Бельгия) – 0:1;
- "Ливерпуль" (Англия) – "Болонья" (Италия) – 2:0;
- "Астон Вилла" (Англия) – "Бавария" (Германия) – 1:0;
- "Лилль" (Франция) – "Реал" (Испания) – 1:0;
- "Бенфика" (Португалия) – "Атлетико" (Испания) – 4:0;
- "РБ Лейпциг" (Германия) – "Ювентус" (Италия) – 2:3;
- "Динамо Загреб" (Хорватия) – "Монако" (Франция) – 2:2.
Айта кетейік, екінші турдың қорытындысы бойынша УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кестесін қосымша көрсеткіштер бойынша ең көп алты ұпай жинаған дортмундтық "Боруссия" бастап тұр. Сондай-ақ "Брес", "Бенфика", "Байер Леверкузен", "Ливерпуль", "Астон Вилла" және "Ювентус" клубтары да алты ұпай жинады.
УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің үшінші турының матчтары 22-23 қазанда өтеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2169105-real-osy-mausymda-algash-ret-zhengildi-chempiondar-ligasynyng-2-tur-qorytyndysy/