Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттік "Ордабасы" футбол клубы Қазақстан чемпионатында көш бастады

Жарияланған күні:

"Ордабасы" футбол клубының ойыншылары
"Ордабасы" футбол клубының ойыншылары. Фото: instagram.com/fc__ordabasy

Шымкенттік "Ордабасы" футбол клубы Қазақстан Премьер лигасы аясында сырт алаңда петропавлдық "Қызылжарды" жеңіп, турнир кестесінде көш бастады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Екі команда ҚПЛ-дың 22-туры аясында "Жастар" стадионында кездесті. Матч 1:0 есебімен "Ордабасының" пайдасына шешілді. Жалғыз голды 82-минутта Артем Беседин салды.

Осы жеңістің арқасында шымкенттік команда 39 ұпаймен Қазақстан Премьер лигасының кестесінде бірінші орынға шықты.

Еске салайық, өткен жылы "Ордабасы" өз тарихында алғаш рет Қазақстан чемпионы атанған еді. Шымкенттік команда 25-турда қарағандылық "Шахтерді" 3:1 есебімен ұтқан болатын.

"Ордабасы" ұжымы биыл УЕФА Чемпиондар лигасында бақ сынап көрді. Алайда іріктеудің алғашқы кезеңінде молдовалық "Петрокубқа" есе жіберіп, турнирден шығып қалды. Кейін шымкенттік клуб УЕФА Конференция лигасына қатысып, үшінші іріктеу кезеңінде Арменияның "Пюник" командасына есе жіберді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2169337-shymkenttik-ordabasy-futbol-kluby-qazaqstan-chempionatynda-kosh-bastady/