Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін "Астана" УЕФА Конференция лигасындағы алғашқы ойынын өткізеді

Жарияланған күні:

"Астана" футбол клубының ойыншылары
"Астана" футбол клубының ойыншылары. Фото: instagram.com/fca.astana

Бүгін, 3 қыркүйекте "Астана" футбол клубы УЕФА Конференция лигасы аясындағы алғашқы ойынын өткізеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бүгін елордалық "Астана" футбол клубы УЕФА Конференция лигасы аясында сербиялық "ТСЦ Бачка-Топола" командасына қарсы ойын өткізеді. Аталмыш матч Астана уақыты бойынша 21:35-те басталады.

Айта кетейік, "Астана" футбол клубы УЕФА Конференция лигасындағы жорығын екінші іріктеу кезеңінен бастаған болатын. Алғашқы матчта елодалық ұжым молдовалық "Милсами" командасынан 3:2 есебімен басым түсті.

Ал үшінші іріктеу кезеңінде "Астана" румыниялық "Корвинулды" (8:2) ойсырата ұтса, ал плей-офф кезеңінде норвегиялық "Бранн" клубынан айласын асырып кетті (3:2).

"Астана" УЕФА Конференция лигасының топтық кезеңінде "Челси" (Англия), "Витория" (Португалия), "АПОЭЛ" (Кипр), "Пафос" (Кипр) және "Нью-Сейнтс" (Уэльс) клубтарымен кездеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2169364-bugin-astana-uefa-konferentsiia-ligasyndagy-algashqy-oiynyn-otkizedi/