Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Команданың деңгейіне сай емес": түркиялық сарапшы Зайнутдинов пен Айымбетовтің өнеріне баға берді

Жарияланған күні:

Абат пен Бахтиер
Абат пен Бахтиер. Фото: instagram/kff_team

Футбол агенті Джейхун Гаджиев қазақстандық футболшылар Абат Айымбетов пен Бахтиер Зайнутдиновтің Түркия чемпионатындағы өнеріне баға берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ LegalBet сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Джейхун Гаджиевтің сөзінше, Айымбетовті клуб бапкерлері алаңға амалсыз шығарып жүрсе, Зайнутдиновтың деңгейі "Бешикташқа" сай келмейді.

"Біріншіден, Зайнутдиновтың алаңға сирек шығуының басты себептерінің бірі футболшы команданың деңгейіне сай емес. Ал "Адана Демирспорға" трансфер жасауға тыйым салынды, сондықтан жаңа ойыншыларды қатарына қоса алған жоқ. Футболшылар санының көп болмауына байланысты Абат Айымбетовті алаңға шығаруға мәжбүр", - деді ол.

Айта кетейік, Бахтиер Зайнутдинов "Бешикташ" сапына 2023 жылы ауысса, Абат Айымбетов биыл жыл басында "Адана Демирспор" қатарын толықтырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2171311-komandanyng-denggeiine-sai-emes-turkiialyq-sarapshy-zainutdinov-pen-aiymbetovting-onerine-baga-berdi/