Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттар лигасы: Қазақстан құрамасы Аустрияға қарсы ойын өткізеді

Жарияланған күні:

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы. Фото: kff.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 10 қазанда Ұлттар лигасының 3-туры аясында Аустриямен кездеседі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ұлттар лигасының 3-туры аясында футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы сырт алаңда Аустриямен кездеседі. Матч Линц қаласының "Райффайзен Арена" стадионында өтеді.

Аталмыш ойын Астана уақыты бойынша сағат 23:35-те басталады. Матчтың тікелей көрсетілімін "Qazsport" телеарнасынан көруге болады.

Сондай-ақ үш күннен кейін, 13 қазанда ұлттық құрама Словенияны қабылдайды. Ойын Алматының Орталық стадионында сағат 18:00-де басталады.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы биылғы Ұлттар лигасы маусымындағы алғашқы ойында Норвегиямен кездесіп, тең түскен болатын (0:0). Ал аталмыш турнирдің 2-турында Словения құрамасына қарсы сырт алаңда өткен ойында Қазақстан құрамасы жеңіліс тапты (0:3).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2171367-ulttar-ligasy-qazaqstan-quramasy-austriiaga-qarsy-oiyn-otkizedi/