Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Манчестер Юнайтедтің" бас бапкері жұмысынан кетеді: оның орнына кім келеді

Жарияланған күні:

Эрик Тен Хаг
Эрик Тен Хаг. Фото: Peter Lous/BSR Agency/Getty Images

Германиялық маман Томас Тухель "Манчестер Юнайтед" футбол клубының бас бапкері Эрик тен Хагтың орнын басуы мүмкін. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Manchester Evening News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Дереккөздің мәліметінше, "Манчестер Юнайтед" клубының басшылығы Томас Тухельдің басқа клубтармен келісімшарттық міндеттемелерінің болмауын жоғары бағалап отыр. Сондай-ақ оны командаға шақыру үшін өтемақы төлеудің қажеті жоқ. Клуб басшылығы германиялық маманның кандидатурасын бүгін, 8 қазанда талқыламақ.

Томас Тухель бұған дейін мюнхендік "Бавария" клубының бас бапкері қызметін атқарды. Ол команданы 2023 жылдың наурызынан 2024 жылдың маусымына дейін басқарды.

Сондай-ақ осы жылдың жазында шетелдік БАҚ-та Томас Тухельдің Монакода "Манчестер Юнайтед" клубының қосалқы иесі Джим Рэтклиффпен кездескені туралы ақпарат пайда болған еді.

Айта кетейік, қазіргі уақытта "Манчестер Юнайтед" Эрик тен Хагтың басшылығымен клуб тарихындағы ең нашар маусым бастамаларының бірін өткеріп жатыр. АПЛ-дің жеті турынан кейін "Манчестер Юнайтед" турнир кестесінде 8 ұпаймен 14-орынға жайғасты.

Ал УЕФА Еуропа лигасының жалпы кезеңінде "Манчестер Юнайтед" екі матчтан кейін 2 ұпай жинап, 21-орынға табан тіреді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2171421-manchester-iunaitedting-bas-bapkeri-zhumysynan-ketedi-onyng-ornyna-kim-keledi/