Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов туралы қызықты деректер

Жарияланған күні:

Станислав Черчесов
Станислав Черчесов. Фото: Laszlo Szirtesi/Getty Images

Ертең, 10 қазанда Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы аясында Аустриямен сырт алаңда кездеседі. Осы орайда KAZ.NUR.KZ тілшісі футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері, ресейлік маман Станислав Черчесов жайлы қызық деректерді ұсынады.

Станислав Черчесов 1963 жылы 2 қыркүйекте Солтүстік Осетия өңіріндегі Алагир қаласында дүниеге келген. Өзі де кәсіпқой футболшы болған. Алаңдағы амплуасы – қақпашы. Тіпті КСРО және Ресей чемпионы атанған. Өз тілінде, орысша және немісше еркін сөйлей алады. Қазіргі күні 2 баланың әкесі.

Ал футболшы мансабында табысты қақпашы бола білді. Станислав Черчесов футболшы кезінде "Спартак" (Орджоникидзе), "Спартак" (Мәскеу), "Локомотив" (Мәскеу) және "Динамо" (Дрезден) сияқты клубтарда ойнаған. Көп жыл бойы "Тироль" футбол клубының негізгі қақпашысы болды. Кейін бапкер ретінде Польшада "Легиямен" және Венгрияда "Ференцварошпен" чемпиондық атаққа жетті. Сонымен қатар Ресейдің "Спартак" (Мәскеу), "Жемчужина", "Терек", "Амкар", "Динамо" (Мәскеу) сынды командаларында жаттықтырушы болып жұмыс істеген.

Бапкерлік мансабындағы жетістіктері:

  • Ресей чемпионатының күміс жүлдегері (2007);
  • Польша чемпионы (2015/16);
  • Польша кубогының жеңімпазы (2015/16);
  • 2018 жылғы әлем чемпионатының 1/4 финалы (Ресей құрамасымен);
  • Мажарстан чемпионы (2021/22, 2022/23);
  • Мажарстан кубогының иегері (2021/22).

2018 жылы өз елінде өткен әлем чемпионатында Ресей құрамасын ширек финалға дейін жеткізді. Кезінде Владимир Путиннің өзі Станислав Черчесовпен келісімшартты ұзартуды қолдаған еді. Алайда 2021 жылы Еуропа чемпионатынан ерте шығып қалғаннан кейін, бапкерлік орнын босатуға мәжбүр болды.

"Черчесовтің "2018" деген санмен аяқталатын телефон нөмірі бар: бұл 2018 жылы Ресейде өткен әлем чемпионатының естелігі ретінде сақтаулы тұр. Бұл телефонында Путиннің нөмірі де бар. Станислав Черчесовтің Инсбрук маңындағы Риннде пәтері бар және ол Аустрия футболын жіті қадағалайды. Еуропа чемпионатында аустриялық ойыншыларды бақылады", - деп жазды kurier.at аустриялық басылымы.

2024 жылы 3 маусымда ресейлік маман Станислав Черчесов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалды.

Айта кетейік, Станислав Черчесовтың жетекшілігімен Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы аясында Норвегиямен 0:0 есебімен тең ойнап, Словениядан 0:3 есебімен жеңілген болатын. 10 қазанда футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасының 3-туры аясында сырт алаңда Аустриямен кездеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2171922-putinning-nomiri-bar-stanislav-cherchesov-turaly-qyzyqty-derekter/