Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оның таңдауы әкесі емес: Роналдудың ұлы футболдағы кумирін көрсетті

Жарияланған күні:

Криштиану Роналду мен ұлы
Криштиану Роналду мен ұлы. Фото: Yasser Bakhsh/Getty Images

Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубында ойнайтын атақты португалиялық шабуылшы Криштиану Роналдудың 14 жастағы ұлының футболдағы кумирі анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Криштиану Роналдудың әйелі Джорджина Родригес Instagram желісіндегі ресми парақшасына ерекше фото жариялады. Бұл фотода Криштиану Роналдудың үлкен ұлы "Манчестер Юнайтед" ойыншысы, аргентиналық Алехандро Гарначоның жейдесін киіп, үй тапсырмасын орындап отырғанын көруге болады.

"Манчестер Юнайтедтің" ойыншысы Гарначо футболдағы өзінің кумирі ретінде Криштиану Роналдуды атаған. Ол бірнеше рет Роналдудың гол соққандағы тойлайтын қимылын қайталаған. Екі футболшы да бірге "Манчестер Юнайтед" клубында өнер көрсеткен.

Айта кетейік, Алехандро Гарначо 2022 жылдан бері "Манчестер Юнайтед" сапында ойнап жүр, ал былтырдан бастап Аргентина құрамасы атынан өнер көрсетіп келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2172079-onyng-tangdauy-akesi-emes-ronaldudyng-uly-futboldagy-kumirin-korsetti/