Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ойын стилімізге жат нәрсе": Станислав Черчесов ұлттық құраманың дайындығы туралы айтты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Станислав Черчесов
Станислав Черчесов. Фото: Серғали Балажан

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов УЕФА Ұлттар лигасы аясында Аустриямен өтетін ойын туралы пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесовтың айтуынша, команда тек қорғанысқа сүйенбеуі тиіс.

"Біздің допқа иелік еткеніміз өте жақсы, әрине. Бірақ футбол екі кезеңнен тұрады: доп сенде болуы мүмкін және доп қарсыласта болуы мүмкін. Осы сәттерді тиімді пайдалана білу керек. Ертең қарсыласымыз допқа көбірек иелік етуі мүмкін, бірақ біз өз ойынымызды құрып, қақпа алдындағы қауіпті сәттерді азайтып, шабуылды күшейтуіміз қажет.

Біздің философиямыз тек қорғанысқа емес, шабуылға да негізделген. Тек қорғаныспен шектелу – біздің ойнау стилімізге жат нәрсе", - деді Станислав Черчесов.

Айта кетейік, УЕФА Ұлттар лигасының 3-туры аясында кездесетін Аустрия мен Қазақстан құрамалары арасындағы ойын бүгін, 10 қазанда Астана уақыты бойынша 23:45-те басталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2172357-oiyn-stilimizge-zhat-narse-stanislav-cherchesov-ulttyq-quramanyng-daiyndygy-turaly-aitty/