Футболдан Қазақстанның жастар құрамасы (U21) 2025 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу аясында сырт алаңда Испаниядан жеңіліп қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Қос құрама В тобының 9-турында кездесті. Ла-Линеа-де-ла-Консепсьондағы кездесу алаң иелерінің пайдасына 4:3 есебімен аяқталды.
Испания құрамасы сапында Матео Джозеф хет-трик жасады (15, 23 және 44-минуттар), ал Бенят Турриентес (20) тағы бір гол соқты. Қазақстан құрамасы сапында Ғалымжан Кенжебек дубль жасаса (12, 67), Данил Анкудинов (76) бір гол соқты.
Бұл жеңіс Испания құрамасына 25 ұпай жинап, топтағы көшбасшылығын нығайтуға мүмкіндік берді. Испаниялықтар өздеріне қажет ұпайларын жинап, 2025 жылғы Еуропа чемпионатына мерзімінен бұрын шықты.
Ал Қазақстан құрамасының қоржынында 6 ұпай еншілеп, топта 5-орында келеді. Бұл нәтиже ұлттық құрамаға Еуро-2025 турниріне жолдама алуға мүмкіндік бермейді.
Айта кетейік, іріктеу кезеңінің соңғы турында Қазақстан құрамасы 15 қазанда өз алаңында Шотландияны қабылдайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2172966-qazaqstan-men-ispaniia-quramalary-euro-2025-turnirining-irikteu-matchynda-7-gol-soqty/