Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан – Словения: Ұлттар лигасы аясындағы матчтың тікелей эфирін қайдан көруге болады

Жарияланған күні:

Футболдан Қазақстан құрамасы
Футболдан Қазақстан құрамасы: BO AMSTRUP/Ritzau Scanpix/AFP via Getty Images

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында Словенияға қарсы кездесу өткізеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бүгін, 13 қазанда футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының 4-туры аясында Словенияға қарсы кездесу өткізеді. Матч Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.

Қазақстан мен Словения құрамалары арасындағы матчтың тікелей көрсетілімін "Qazsport" телеарнасынан көре аласыздар. Ойын сағат 18:00-де басталады.

Cондай-ақ Қазақстан құрамасының бастапқы құрамда алаңға шығатын футболшылар тізімі жарияланды. Олар: Игорь Шацкий, Марат, Быстров, Аслан Дарабаев, Александр Марочкин, Нұралы Әліп, Ян Вороговский, Асхат Тағыберген, Бақтиер Зайнутдинов, Бауыржан Исламхан, Ислам Чесноков, Абат Айымбетов.

Бұл топта 7 ұпай еншілеген Норвегия құрамасы көш бастап келеді. Одан кейінгі орындарда 4 ұпайдан жинаған Аустрия мен Словения құрамасы жайғасқан. Ал 1 ұпай еншілеген Қазақстан құрамасы бұл топтың соңғы орнына табан тіреген.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы биылғы Ұлттар лигасы маусымындағы алғашқы ойында Норвегиямен кездесіп, тең түскен болатын (0:0). Ал аталмыш турнирдің 2-турында Словения құрамасына қарсы сырт алаңда өткен ойында Қазақстан құрамасы жеңіліс тапты (0:3). Турнирдің 3-турында Қазақстан ұлттық құрамасы сырт алаңда Аустриядан ойсырай жеңілді (0:4).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2173657-qazaqstan-sloveniia-ulttar-ligasy-aiasyndagy-matchtyng-tikelei-efirin-qaidan-koruge-bolady/