Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев Қазақстан – Словения матчын тамашалауға келді (видео)

Жарияланған күні:

Магомед Адиев Қазақстан – Словения матчында
Магомед Адиев Қазақстан – Словения матчында. Фото: KAZ.NUR.KZ / Арқалық Қуанған

Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев Алматыдағы ойынды тамашалауға келді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бүгін, 13 қазанда футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Алматыда УЕФА Ұлттар лигасының 4-туры аясында Словенияға қарсы кездесу өткізіп жатыр.

Алматыдағы Орталық стадионда өтіп жатқан бұл ойынды тамашалауға ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев келді.

Айта кетейік, Магомед Адиев футболдан Қазақстан ұлттық құрамасын 2022 жылдың сәуірінен 2024 жылдың мамырына дейін баптады.

Магомед Адиевтің жетекшілігімен футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының С дивизионында жеңіске жетіп, Еуро-2024 турнирінің іріктеу кезеңінде өнер көрсетуге мүмкіндік алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2173683-ulttyq-quramanyng-buryngy-bas-bapkeri-magomed-adiev-qazaqstan-sloveniia-matchyn-tamashalauga-keldi-foto/