Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кішкентай жанкүйер матч барысында Словения құрамасының жұлдызды ойыншысымен суретке түсті (видео)

Жарияланған күні:

Ян Облак пен жанкүйер
Ян Облак пен жанкүйер. Скриншот: t.me/allsportskz

Футболдан Қазақстан мен Словения құрамалары арасындағы матчта ерекше оқиға болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

УЕФА Ұлттар лигасы аясында Қазақстан құрамасы өз алаңында Словениямен кездесу өткізіп жатыр.

Матчтың екінші таймының басында кішкентай жанкүйер алаңға жүгіріп шығып, "Атлетико Мадрид" клубының және Словения құрамасының қақпашысы Ян Облакпен суретке түсті.

Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы Словенияға 0:1 есебімен жңіліп жатыр. Матчтың 55-минутында Ян Млакар гол соғып, Словенияны алға шығарды.

Айта кетейік, бұл топта 7 ұпай еншілеген Норвегия құрамасы көш бастап келеді. Одан кейінгі орындарда 4 ұпайдан жинаған Аустрия мен Словения құрамасы жайғасқан. Ал 1 ұпай еншілеген Қазақстан құрамасы бұл топтың соңғы орнына табан тіреген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2173695-zhas-zhankuier-match-barysynda-sloveniia-quramasynyng-zhuldyzdy-oiynshysymen-suretke-tusti-video/