Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Енді Қазақстанға қарсы ойнағымыз келмейді": Словенияның бас бапкері ойыннан кейін пікірін айтты

Жарияланған күні:

Матьяж Кек
Матьяж Кек. Фото: Jurij Kodrun/Getty Images

Футболдан Словения құрамасының бас бапкері Матьяж Кек Қазақстанға қарсы матчтан кейін пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Магомед Адиев бапкер болғанда Қазақстан жетістікке жеткен. Қазіргі бапкер Станислав Черчесов те мықты. Оның деңгейін Ресей ұлттық құрамасына қарсы ойнағанда көрдік. Енді Қазақстан құрамасын көтеретін шығар. Бірақ Қазақстанға қарсы бұдан кейін ойнағымыз келмейді. Алыс әрі қиын", - деді Матьяж Кек.

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының 4-туры аясында Словенияға қарсы кездесу өткізді. Алматыдағы Орталық стадионда өткен матчта Қазақстан құрамасы 0:1 есебімен жеңіліс тапты.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы биылғы Ұлттар лигасы маусымындағы алғашқы ойында Норвегиямен кездесіп, тең түскен болатын (0:0). Ал аталмыш турнирдің 2-турында Словения құрамасына қарсы сырт алаңда өткен ойында Қазақстан құрамасы жеңіліс тапты (0:3). Турнирдің 3-турында Қазақстан ұлттық құрамасы сырт алаңда Аустриядан ойсырай жеңілді (0:4).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2173710-endi-qazaqstanga-qarsy-oinagymyz-kelmeidi-sloveniianyng-bas-bapkeri-oiynnan-keiin-pikirin-aitty/