Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Магомед Адиев бапкерлік қызметін қашан жалғастыратынын айтты

Жарияланған күні:

Магомед Адиев
Магомед Адиев. Фото: kff.kz

Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев қазіргі уақытта жаңа жұмыс іздемейтінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Championat.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазір жұмыс іздеп жүрген жоқпын. Егер ұсыныстар түссе, қарастырамын, бірақ жұмысқа қатты құмартып жүрген жоқпын. Бірқатар келіссөздер болды, бірақ олар нәтиже бермеді, сондықтан күнделікті тіршілікпен жүрмін.

Әзірге жұмыссыз болғандықтан, неліктен Ресей чемпионаты матчтарының талдауларымен айналыспасқа? Бапкерлік сараптамалық қызметке бет бұрамын", - деді Магомед Адиев.

Айта кетейік, Магомед Адиев биылғы жылдың сәуірінен қыркүйекке дейін грозныйлық "Ахмат" клубының бас бапкері болды.

Магомед Адиев футболдан Қазақстан ұлттық құрамасын 2022 жылдың сәуірінен 2024 жылдың мамырына дейін баптады. Сондай-ақ ол "Чайка" және "Анжи" клубтарын жаттықтырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2173954-magomed-adiev-bapkerlik-qyzmetin-qashan-zhalgastyratynyn-aitty/