Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Астана" – "Челси" матчының билеттері 50 мың теңгеден басталатыны рас па: клуб мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

"Астана" футбол клубы
"Астана" футбол клубы. Фото: Goran Stanzl/Pixsell/MB Media/Getty Images

Елордалық "Астана" футбол клубы англиялық "Челсиге" қарсы өтетін матчқа қатысты ресми мәлімдеме жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Астананың" Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде Конференциялар лигасы аясында өтетін кездесудің билеттері сатылымға шыққаны және ең арзан билеттің құны 50 мың теңге екені жайлы ақпарат тараған болатын. Осы орайда астаналық клубтың баспасөз қызметі мұның жалған екенін алға тартты.

"Әлеуметтік желіде 2024 жылдың 12 желтоқсанында өтетін "Астана" мен "Челси" арасындағы УЕФА Конференциялар лигасының жалпы кезеңдік матчының билеттеріне алдын ала тапсырыс беру туралы жарнамалар жариялана бастады. Осыған байланысты "Астана" футбол клубы аталған матчқа билеттер сатылымға шықпағанын хабарлайды", - делінген мәліметте.

Сонымен қатар билеттердің бағасы, сондай-ақ сатылым күні туралы барлық ақпарат клубтың ресми дереккөздерінде ұсынылатынын еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2174074-astana-chelsi-matchyna-biletter-elordalyq-klub-resmi-malimdeme-zhasady/