Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ғалам чемпионы болумыз керек": ҚФФ президенті бапкердің жұмысына оң бағасын берді

Жарияланған күні:

Станислав Черчесов және Әділет Барменқұлов
Станислав Черчесов және Әділет Барменқұлов. Фото: kff.kz

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов команданың жаңа бас бапкері Станислав Черчесовтің ойынына баға берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ vseprosport.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әділет Барменқұлов ресейлік басылымға берген сұқбатында ұлттық құраманың ойынында даму бар екенін және нәтижеге жету үшін уақыт керек екенін атап өтті.

"Ұлттар лигасындағы мақсатымыз басқа екенін айтқан едім. Біз қазір ұлттық құраманы дамытып жатырмыз. Дайындық жақсы жүріп жатыр. Словенияға қарсы ойында қандай прогресске жеткенімізді көрдіңіздер. Жігіттер де сезді, мүлде бөлек ойын. Уақыт керек, команда осы ойындардан өту керек.

Біздің философия қандай болу керек деген түсінік қалыптаса бастады. Словенияға қарсы ойында өз стилімізді таптық. Сондықтан мен матчтан кейін киім ауыстыратын бөлмеге кіріп бапкер мен футболшыларды құттықтадым. Енді ары қарай дамып, ғалам чемпиондары болу керекпіз (күліп)", - деді Әділет Барменқұлов.

Кеше, 13 қазанда футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының 4-туры аясында Словенияға қарсы кездесу өткізді. Алматыдағы Орталық стадионда өткен матчта Қазақстан құрамасы 0:1 есебімен жеңіліс тапты. Матчтағы жалғыз голды Словения құрамасының ойыншысы Ян Млакар (55-минут) соқты.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы биылғы Ұлттар лигасы маусымындағы алғашқы ойында Норвегиямен кездесіп, тең түскен болатын (0:0). Ал аталмыш турнирдің 2-турында Словения құрамасына қарсы сырт алаңда өткен ойында Қазақстан құрамасы жеңіліс тапты (0:3). Турнирдің 3-турында Қазақстан ұлттық құрамасы сырт алаңда Аустриядан ойсырай жеңілді (0:4).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2174172-galam-chempiondary-bolu-kerekpiz-qff-prezidenti-bapkerding-zhumysyna-ong-bagasyn-berdi/